2022 жылдың қаңтарында Тоқаев халыққа ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Нәтижесінде жүздеген адам қаза тапты, мыңдаған адам азапталды. Азаптағандар мен атқандар болса сол күйі жазаланбады.
Қанды Қаңтарға әкелген басты себеп — қанішер Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жыл бойы елді тонап, қарсы шыққандарды басып-жаншығаны. Дәл Тоқаев сияқты, Назарбаев 2011 жылдың желтоқсанда Жаңаөзендегі мұнайшыларды атуға бұйрық берді.
Бұл көшенің қанішер мен диктатордың атымен аталуына қарсымыз. Халықтың қаны төгілген Алматының басты көшесі Қаңтар деп аталуы қажет.
Қаралы күндерді мәңгі есте сақтап, қазақ жерінде қазақтың қаны төгілуіне жол бермеуіміз керек.
Ұмытпамыз. Кешірмейміз. Біз террорист емеспіз, қарапайым халықпыз