Ертең, 6 наурыз күні Алматыда Украинадағы соғысқа қарсы митиң өтеді. Oyan, Qazaqstan! қозғалысы оның ұйымдастырушы болмаса да бұл митиңті қолдайды. Біз Путиннің тәуелсіз егемен көрші елге жасаған агрессиясын айыптаймыз. Батыл украиндықтарға қолдауымызды көрсетейік!
⠀
Митиң Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңда (Абай/Алтынсарин) 12:00-де басталады, Instagram желісінде тікелей эфирде – @oyanqazaqstankz