
Oyan, Qazaqstan белсендісі Дархан Шәріп бүгін Алматыдағы Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшесіндегі референдумға қарсы бірыңғай пикетке шықты. Оның қолында «Референдумға ***», «Реконституция», «Қанды Қантар Ұмытылмас» деген ұрандар жазылған плакаттар болды. Бірнеше минуттан кейін оны полиция қызметкерлері ұстап алып, алдын ала мәлімет бойынша, Алмалы аудандық полиция бөліміне (Қарасай батыр 109) жеткізді.
UPDATE
Ұсталғаннан кейін 2,5 cағат өтіп Дархан босатылды. Полиция бекетінің сыртында оны Oyan, Qazaqstan! қозғалысын қолдайтын достары күтіп алды
Фото: Власть