Oyan, Qazaqstan конституциялық реформа туралы мәлімдемесі

— время чтения 6 мин.

Қазақстанның саяси жүйесінде қандай мәселе бар?

Авторитарлық негізгі конституция

1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы президент басқаратын авторитарлы басқару үлгісінің негізін қалады, кейінірек өзгерістер мен толықтырулар енгізген сайын дара билікті қалыптастыру жолындағы кедергілердің бәрі алып тасталынып отырды.

Президент атқарушы билікті толығымен өз құзырына алды, тіпті конституциялық заң бойынша күші бар бұйрықтарды өзі шығара беретін мүмкіндікке ие болды. Парламент пен сот жүйесі тәуелсіздігінен айырылып, президенттік биліктің қолшоқпарларына айналды. Нәтижесінде адам құқықтары мен бостандығын биліктің тәуелсіз тармақтары (Сот пен Парламент) іс жүзінде қорғай алмады.

Сол себепті, сіз бен біз құқығы жоқ азаматтармыз және өз құқығымыз бен бостандығымызды мемлекетпен бірдей қорғай алмаймыз.

Тең экономикалық мүмкіндіктердің болмауы

Президенттің шексіз билігі Қазақстанға экономикалық тұрғыдан дамуға мүмкіндік бермейді. Ол теңсіздік пен кедейлікті көбейтеді, себебі экономикалық мүмкіндіктер мен байлыққа шағын адамдардың ғана қолы жетеді. Мұндай бәрі жабық жүйеде тендер және жемқорлық амалдары арқылы режимге адал адамдар ғана байиды.

Узурпация, репрессиялар, бейімделудің болмауы

Конституциялық шектеулер болмағандықтан, президент өз басшылығын еш кедергісіз ұзартып отырды. Билікті ұстап қалу үшін азаматтарды мемлекетті басқару мүмкіндігінен айырды. Сайлауға қатысу үшін де шектеу қойып, өздеріне тиімді партияларды ғана тіркеуге жібереді. Сайлауды жалған өткізеді, өздеріне қолайсыз үміткерлерді алып тастайды, сөз бостандығын шектейді. Билік ашық бәсекелестікті болдырмас үшін қолдарынан келгенін жасауда. Елде оппозиция қалмады, ал сайлау билікті бейбіт түрде ауыстыру механизмі болудан қалды. Саяси жүйе қоғамның қажеттілігіне қарай бейімделмей, керісінше билік жүргізу мен халықты бақылауда ұстау үшін қоғамды басып тастауда.

Егер біз президенттік басқару үлгісіне реформа жасамасақ билік келесі президенттердің қолында ұзақ болып, олар да бізді әділ және құқықтық мемлекетте тұру мүмкіндігінен айыруы мүмкін.

Жағдайды қалай жақсы жаққа өзгерте аламыз?

Қазақстанда президенттің билікті заңсыз басып алуына қарсы келетін демократиялық дәстүр немесе саяси жүйе жоқ. Президент билігінің авторитарлы салдарын болдырмас үшін конституциялық құралға реформа жасау керек. Президент билігін шектеу керек, Парламент, сот жүйесі және құқық қорғау мекемелерін президенттің қадағасынан алып тастап, жергілікті билікті сайлау арқылы таңдап, әділ сайлауды қамтамасыз ету керек.

Біз үшін ең жақсы нұсқа – билікті қатаң түрде бөлген парламенттік республика. Парламент заңшығарушымен бірге маңызды қадағалаушы функцияны атқаратын өкілдік мекеме, ол атқарушы билікке қадағалай алады. Парламенттік үлгідегі билікті президенттің басып алуы мүмкін емес, ал шешім бәтуа негізінде қабылданады.

Конституциялық реформаның жалпы ережелері

Төменде ұсынылған жалпы ережелер президенттік билікті шектеп, саяси жүйені парламенттік республика ретінде жаңартып, билікті бөлуге арналған.

Адам құқықтары

Қазақстан ратификациялаған халықаралық келіссөздердің ұлттық заңға қатысты артықшылығы болуы керек. Барлық заңдар мен нормалар Қазақстан ратификациялаған халықаралық адам құқықтары жөніндегі келісімдер аясында талқылануы керек.

Адамның құқықтары мен бостандығын реттейтін Конституция баптары тікелей қолданысқа түсіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда іске қосылуы керек. Сөз бостандығын, бейбіт жиналыстар мен бейбіт бірлестіктерді реттейтін заңдардың Конституция мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестігі қайта қаралуы керек.

Президент/Үкімет

Президент Конституцияны өз билігін консолидациялау үшін бірнеше рет өзгерткен, сол себепті оған кепіл бола алмайды. Президент конституциялық сапта тұра алмайды және тұрмауы да керек, ол мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының өзара жұмылып жұмыс істеуін қатамасыз етуі керек.

Президенттің рөлін және дәрежесін қайта қарап, халықаралық қатынастарда оны елдің атынан шығу мүмкіндігінен айыру керек. Адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндігіне президент емес, тек тәуелсіз сот билігі кепіл бола алады.

Президентті ішкі және сыртқы саясатқа қатысты бағыттарды анықтау және соған сәйкес жолдау жасау мүмкіндігінен айыру керек. Бұл міндет атқарушы биліктің өкілі және үкімет курсын анықтайтын Премьер-министрге тапсырылуы керек.

Билікті асыра пайдалану және бір адамның билігінің нығаюынан қашу үшін президентті 5 жылға сайлау керек, сонымен қатар бір тұлғаның екінші сайлануына мүмкіндік бермеу керек.

Президентті бұйрық, жарлық шығару, Конституцияға өзгеріс енгізу құқынан айыру керек. Құзыреттілігі бар кезде саяси партияның қызметінде болуға да тыйым салу қажет.

Заң шығарушы биліктің тәуелсіздігінің кепілдігі үшін президент Парламентті тарату, Сенат депутаттарын тағайындау және Парламент және оның Палаталарының сайлау күнін белгілеу мүмкіндігінен босатылуы керек. Бұрын Сенатқа сайланбаған тұлғаның Сенат Спикері болуына жол бермеу қажет.

Президент Үкіметті құрып, оның мүшелерін бекіту мүмкіндігінен айырылуы керек. Премьер-министр мен ол құратын үкімет мүшелері (Парламент депутаттарының ішінен) Парламентпен бекітіледі және бекітілуі керек. Үкімет Парламенттің алдында есеп беруге және ұжымдық жауапкершілікті арқалауға міндетті.

Президент Қауіпсіздік кеңесін құру және оның мүшелерін бекіту, Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы болу, Қарулы күштердің жоғарғы басқару қызметіне тағайындау және босату мүмкіндігінен айырылуы керек. Бұл міндет Премьер-министр мен Парламентке жүктеледі.

Президент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басшысын, Бас прокурор мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысын тағайындау құқынан айырылуы керек. Ұлттық банк пен Бас Прокуратураның құрылу ережесі мен институциялық тәуелсіздігі бұдан кейін бөлек жасалуы қажет. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысын Премьер-министр ұсынып, Парламент бекітуі керек.

Еркін және әділ сайлауға кепіл ретінде президент Орталық сайлау комиссиясының басшысы мен мүшелерін тағайындау құзырынан босатылуы керек. Сайлау туралы заң қайта қаралып, комиссия құрамын жасақтау Парламентке жүктелуі қажет.

Президент облыс және аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігінен айырылуы керек. Жергілікті билікке толық реформа жасап және тұрғындарға облыс пен аудан әкімдерін өздері сайлауға мүмкіндік беріп, ал бірлестіктерге өзін өзі басқару құқын беру керек.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Жоғарғы Сот Кеңесі және Президент әкімшілігін таратып жіберу керек.

Парламент

Заңнамалық билік толығымен Парламентте болуы керек. Сонымен қатар Парламент өзінің комитеттері арқылы атқарушы билікті қадағалау қызметін атқаруы керек. Мәжіліс мажоритарлы жүйе негізінде 4 жылға сайлануы қажет. Парламенттің төменгі палатасындағы депутаттар саны ел тұрғындарының санына қарай немесе бекітілген 120 депутат болуы керек.

Сенаттың рөлі туралы сұрақ әлі де жауапсыз болғанымен, ол тұрғындардың тығыз орналасуында үлкен диспропорция болғанын ескере отырып аймақтардың балансын сақтау үшін және Мәжілістегі үкіметтің тергеушісі ретінде болуы керек. Бұл жағдайда, Сенатты тұрғындар сайлауы керек, ал облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар мен астанада депутаттар саны бірдей болуы қажет.

Парламент депутаттары өзінің партиялық қажеттіліктерін жоғалтқанда немесе партия таратылғанда да өз мандаттарынан айырылмауы керек.

Парламент отырысы көпшілік алдында өткізілуі керек.

Атқарушы биліктің барлық мекемелері, агенттіктер мен күштік мекемелер Парламент және оның комитеттеріне бағынышты болуы керек. Парламенттің азаматтық қызметтегі тұлғаларға қатысты айып тағып, жауапкершілікке тартуға, тергеу комиссияларын құруға, тергеу жүргізуге құқы болуы керек. Мекеме мен компания туралы барлық мәліметті сұрата алуы қажет.

Сот жүйесі

Тәуелсіз сот билігін қамтамасыз етіп, Конституциялық кеңесті таратып, Конституциялық сотты қайта қалпына келтіру керек.

Барлық сот жүйесіне реформа жасау барысында сотты тағайындайтын және іріктейтін тәуелсіз мекеме – Соттар кеңесін құру қажет. Бұл мекеме өкілдерінің көпшілігі (екіден бірі) соттар болуы керек.

Президент Соттар кеңесі ұсынған соттарды тағайындауы керек және одан бас тартуға немесе ауыстыруға мүмкіндігі болмайды.

Әлемдік соттарды (билер соты) жергілікті жердегі тұрғындар сайлауы қажет.

Алқабилер сотының классикалық үлгісін енгізу қажет.

Соттың істі қарауы ашық өтуі керек.

Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысы